Сіздің дербес электронды әмияныңыз

OKPAY жеке шотымен ақшаны басқару
оңай әрі ыңғайлы
Онлайн-сауда жасап, достарыңызға ақша жіберіп отыру ешқашан да осылай оңай болған емес - бар болғаны электронды мекенжайды қатесіз көрсету. OKPAY сіздің ақшаңызды ғана емес сонымен қатар, дербес деректеріңізді қорғайды, әрі сіз кез келген уақытта әр төлемнің детальдарын тауып ала аласыз.

Шешуші артықшылықтар

Ақша жіберіңіз Интернет-дүкендерде сауда жасаңыз, достарыңыз бен туыстарға ақша жіберіңіз - тек керек алушының электронды мекенжай ғана.
Төлемдерді қабылдаңыз Рефералдық аударымдар, туыстарыңыз бен әріптестерден аударымдар, және басқа да төлемдер сіздің әмиянға жібергенде түсіп тұрады.
Төлем картасын алыңыз Саудаға төлем жасап, банкоматтардан ақшаңызды алуға арналған картаға тапсырыс беріңіз. Картаны тап сіздің OKPAY әмияныңыздан толықтыруға болады.
Төлемдер сұратыңыз туыстарыңыздан немесе басқа пайдаланушылардан қаражат сұратқанда, алғыңыз келетін адамның электронды мекенжайын енгізсеңіз болғаны.
Валюталарды айырбастаңыз Сіз өз әмияныңызда бір-екі басқаннан қаражатты тиімді конвертациялап, төлемдерді қолданатын 21 жіберіп, қабылдап отыра аласыз.
Төлемді автоматтандыр Жазылымдарға ыңғайлы тәсілмен төлеңіз. Тез баптаған соң төлемдер автоматты түрде жіберіледі не есептен шығарылады.

Қосымша мүмкіншіліктер

Өз міндеттеріңіз бен мақсаттарыңызға қарай, сіз қаржыңызды ыңғайлы басқару үшін әмияндардың шексіз санын аша аласыз.

Сіз өз ақшаларыңызды бір әмиянда түрлі валютада сақтап, әмияныңызды 21 валютамен толықтыра аласыз.

Әрбір OKPAY әмияныңыздағы жеке баланс және банктік аударыммен толықтырудың бірегей деректемелері.

Шотты толықтыру / Ақшаны шешіп алу

OKPAY шотын толтырудың халықаралық және жергілікті 96 тәсілдерінің және ақша шығарудың бірін таңдаңыз.

MegaFon

Mts

Beeline

Tele2

CONTACT

Faster

Intel Express

Leader

Money Polo

OKPAY

Privat Money

Unistream

SofortBanking

Alfa Click

PromSvyazBank

Sberbank

WebMoney

Yandex Money

Fortumo

Qiwi

W1

bitcoin

Exmo

dogecoin

BTC-E

litecoin

LavaPay

OOOPay

Айырбас сервистерін мониторингілеу

Егер шотты толықтыруға немесе ақшаны шешіп алу үшін OKPAY қолдамайтын электронды валютаны пайдаланғыңыз келсе, айырбастағыштар мониторингі сервисімізге жүгініңіз - OKchanger.com. Бұл ресурс сізге өз қаражатыңызды тез әрі тиімді конвертациялауға сенімді айырбастағыш тауып алуға көмектеседі.

ADVCASH

CGOLD

EPAYMENTS

FASAPAY

HALYKBANK

LIQPAY

MONEYGRAM

MONEYPOLO

NETELLER

NIXMONEY

PAXUM

PAYEER

PAYPAL

PAYWEB

PAYZA

PECUNIX

PERFECTMONEY

PEXPAY

SEPA

SKRILL

SOLIDTRUSTPAY

WEBTRANSFER

WESTERN UNION

ZPAYMENT

AVANGARD

BINBANK

VTB24

GAZPROMBANK

ZOLOTAYAKORONA

KAZKOMMERZBANK

KYKYRYZA

OTKRITIE

RAIFFEISEN

RNKB

RYSSKISTANDART

TINKOFF

TRUST

HOMECREDIT

DASH

GBP

INR

KZT

MYR

RUB

SGD

UAH

Төлем карталары

Сіздің әмияныңыздан қаражаттарды шешу үшін төлем картасына тапсырыс беріңіз. Ақшаны баланстан картаға аударуға болады және де оны әдеттегі пластик картасы ретінде есептесулерде пайдалануға не болмаса қаражатыңызды банкоматтан алуға болады.

Өз картаңызға қазір тапсырыс беріңіз!

Жаһандық сервис

21 әлемдік валюта Сатып алу, сауда, ойындар, хостинг - OKPAY әмияны көмегімен сіз 21 валютада халықаралық интернет қызметтер спектрін төлей аласыз.
Көптілді интерфейс Әлемнің ең көп таралған тілдеріндегі интерфейс сізге OKPAY әмиянымен кез-келген елде үйдегіше сезінуге мүмкіндік береді.
Онлайн-сүйемелдеу 3 тілде Біздің сүйемелдеу қызметіне кез келген сұрақпен, пікірлеріңізбен және ұсыныстармен жүгініңіз. Біз сізге күндіз-түні кез келген уақытта көмекке келеміз.

Сіздің қаржылық қауіпсіздігіңіз - біздің басты мақсатымыз

Біз сіздің дербес деректерді жария етпейміз
Банктік аударымның немесе несиелік картамен төлемдер жасауға қарағанда, OKPAY әмиянын пайдалану дербес деректің енгізілуін талап етпейді - тек электронды мекенжайыңызды және OKPAY жүйесінің кілтсөзін ғана көрсету керек, яғни дербес деректердің ұрлану қатерін болдырмайды.

Біз алаяқтықтың жолын кесеміз
OKPAY клиенттерінің дербес деректерін қорғау үшін және де қаржылық қауіпсіздік үшін барлық шараларды қолданып келеді. Біз пайдаланушылардың верификациялануына ерекше назар аударамыз және де күмәнді операцияларға тұрақты мониторинг жасап отырамыз.

Сіздің әмиянға рұқсат алу сенімді қорғалған
OKPAY шотты қорғаудың көптеген опцияларын ұсынады, екіфакторлы аутентификациялаудан бастап (PIN-кодтар пайдаланушының мобильдік құрылғыда генерацияланады немесе SMS арқылы жіберіледі) IP-мекенжайлар бойынша қолжетімдікті шектеу не құпия сұрақтарға дейін.


Жиі сұрақтар

Өз OKPAY аккаунтыңызға кіріңіз; сол жақ панельде сіздің әмияндар туралы ақпарат пайда болады, әмиянның астында сіз оның нөмірін таба аласыз. Ол мынадай үлгіде болады: OK123456789.
Сіз өзіңіздің OKPAY шотыңызға кіріп, "Әмияндар мен валюталар" бөлімін ашу керек және әмиянның баптауларына көшіңіз, сонда сіз қолдаудағы валюталарды қосып/өшіре аласыз, сондай-ақ әмиянның атауын, түсін, аккаунтқа байланыстырылған электронды поштаны және телефондарды өзгерте аласыз.
Біз өз клиенттерімізге OKPAY-дағы электронды әмиянның сервистік мүмкіншіліктерін толық көлемде пайдалану үшін өз аккаунтыңызда бірнеше әмиян ашуға кеңес береміз. Қосымша әмияндарды қосып, сіз өз төлемдеріңіз бен операцияларыңыз арасын ажыратып, жеке шығыстар жүргізіп, осылайша қаржылық міндеттерді оңтайландыра аласыз.
OKPAY жүйесіндегі барлық аяқталған төлемдер соңғы болып табылады және қайтарыла алмайды. Егер сізге қаражат қайтару керек болатын болса, немесе басқа да сұрақтар туындаған болса, онда сізге төлемді алушымен тікелей байланысып, сіздің ақшалай қаражатыңызды қайтару қажет болады.